ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінен аз қамтылған отбасыларға ҚТҚЖБ-ның кредит беру бағдарламасы

;

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫЛЫҚТАР!

Алматы қаласында карантиннің енгізілуіне байланысты Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінен аз қамтылған отбасыларға ҚТҚЖБ-ның кредит беру» бағыты («Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы) шеңберіндегі өтініштер мен құжаттарды қабылдау 2020 жылғы «16» наурыздан бастап «15» сәуірге дейін ұзартылғандығын хабарлаймыз.

Шарттар мен қажетті құжаттар

Негізгі талаптар, Қатысушыны таңдау механизмі және Кредиттік алгоритм

•«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар:

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

- толық емес отбасылар;

- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша Бағдарламаға қатысушылар бола алады.

•Кредит беру лимиттері өңірлер бойынша кезектегілердің саны мен қарыздың ең жоғары сомасының мөлшеріне қарай барабар бөлінеді;

•«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да («ҚТҚЖБ» АҚ) қарыздың сомасы – 15 млн. теңгеге дейін;

•Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10 %-ы;

•Несиенің пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 2 %;

•Сатып алатын тұрғын үй – Алматы қаласының бастапқы, қайталама нарықтарындағы тұрғын үй және жеке тұрғын үй (қатысушылардың өз еркімен таңдауымен);

•Сатып алатын тұрғын ұй бағасы – шектеусіз;

•Кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе «ҚТҚЖБ» АҚ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

Өтініштерді және құжаттарды беру электрондық цифрлік қолтаңба арқылы жүргізіледі. Оны ХҚКО-дан алуға болады.

Құжаттар мен өтініштер келесі талаптарға сай келетін Алматы қаласы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар», «толық емес отбасылар», «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы санаттары бойынша Бағдарламаға қатысушылар бола алады» санаты бойынша тұратын азаматтардан қабылданады:

  1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының растауы;
  2. Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  3. Cоңғы 6 (алты) айда еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін, отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген шамасынан аспайтын табысының болуы;
  4. Неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
  5. Төлем қабілеттілігін растау.

Жолдама немесе бас тарту осы сайттағы жеке кабинетке жіберіледі.

Жолдама алған өтініш берушілерге төлем қабілеттілік бағасын өту үшін «ҚТҚЖБ» АҚ-ның кез-келген қызмет көрсету орталығына 15 жұмыс күні ішінде жүгіну қажет. Мекенжайлар тізімі https://www.hcsbk.kz/contacts/ сайтынан алуға болады.

Банкке бармаған және (немесе) банк рәсімінен өтпеген жағдайда, Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы жолдаманы тізім бойынша келесі қатысушыға беруге құқылы.

«ҚТҚЖБ» АҚ-ға жолдамамен жүгінгеннен және төлем қабілеттілік бағасын өту үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Несие комитетінің оң шешімі қабылданған жағдайда қатысушыға банктік біліктілікті өту туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беріледі.

1. Клиенттің, заемшыластың, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжаттар;

2. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының банк біліктілігін өтуге арналған несие беру қатысушысына берілген жолдама;

3. Неке қию (бұзу) туралы куәлік / Жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік;

4. Балалардың туу туралы куәліктері.

5. Барлық ұсталымдар көрсетілген жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 ай үшін );

6. EGOV-тен клиенттің және жұбайының ( зайыбының ) зейнетақы аударымдары туралы үзінді (соңғы 6 немесе 12 ай үшін );

7. "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС несие тарихы ЕGOV немесе ХҚКО- дан ұсынылады.

Қосымша (заңды тұлғалардан):

1. Зейнетақы кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі;

2. ЕДБ-ның зейнетақы мөлшері туралы карточкалық шотынан үзінді немесе зейнетақы мөлшері туралы МЗТО- дан анықтама;

3. Стипендия мөлшерін растайтын құжат;

4. Бұйрық жіберу туралы біліктілігін арттыру туралы анықтама, сақтау лауазымы;

5. Тұрғын үй төлемдерін алу туралы анықтама (6 ай және одан да көп ).

  1. Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік *;
  2. Борыш жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
  3. Соңғы есеп беру жылындағы табыс көрсетілген салық есебі (200 нысан, 240 нысан, 220 нысан):
  4. Соңғы 12 айдағы декларацияланған табыс көрсетілген кәсіпкерлік қызмет патенті;
  5. Салық органының белгісі бар декларация (911.00 нысан) *;
  6. Соңғы есептік жылдың 12 айындағы шағын бизнес субъектілеріне арналған жеңілдетілген декларация (910.00 нысан);
  7. Салық төлеушінің салық есебін бергені туралы хабарлама (растама);
  8. Салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама.

1. Тәуелсіз бағалау компаниясының тұрғын үй бағалау туралы есебі;

2. Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есепке төленген сомманы растайтын құжат;

3. Кепілге қойылатын тұрғын үй байланысты техникалық паспорт (2007 ж. 24 тамызына дейінгі техникалық паспорттар міндетті ауыстырылуы тиіс, Әділет Министрлігінің тіркеу қызметінің Комитет Төрайымының № 95 бұйрығына сәйкес);

4. Кепілге қойылатын тұрғын үй байланысты құқықтық құжаттары (мыс.: сатып алу – сату, алмасу, сыйлық келісім шарттары және т.б.);

5. Кепілге қойылатын тұрғын үй барлық иелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар;

6. Неке қию туралы куәлік және жұбайының жеке басын куәландыратын құжат (бар болса);

7. Бұрынғы күндегі жағдай бойынша тұрғын үй тіркелген құқықтары (шектеулері) мен техникалық сипаттамасы туралы анықтама EGOV-тан, 3 айға жарамды;

8. Бұрынғы күндегі жағдай бойынша жердің тіркелген құқықтары (шектеулері) анықтамасы EGOV-тан.

Қосымша (заңды тұлғалардан):

  1. Заңды тұлғанын мемлекеттік тіркеуін растайтын құжат
  2. Жарғы немесе қызметтің фактісін растайтын құжат
  3. Құжатқа қол қоюға, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат (бұйрық, шешім, сенімхат) ;
  4. Келісімге қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат*;
  5. Тұрғын үй объектісінің мекен-жайы туралы анықтама EGOV-тан
  6. * - құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін клиентке қайтарылады.

Банк біліктілігін өткеннен кейін, хабарлама берілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде қатысушы тұрғын үйді таңдап, құжаттарды «ҚТҚЖБ» АҚ-ға ұсынуға міндетті.

Қосымша ақпарат үшін келесі телефондары арқылы хабарласыңыз:

ТЕЛЕФОН МЕКЕМЕ
+7 (727) 225 14 57
+7 (727) 225 14 44
Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы
300(ұялы телефон үшін)
8-8000-801-880(ұялы телефон үшін)
«ТҮҚЖБ» АҚ тегін сенім телефондары

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Өтінімді беру
Құжаттар мен өтініштерді қабылдаудың аяқталуына дейін қалды:

Өтініштер берілді: 1 470